Қасбеттің жаңарғаны – туған қалаға тарту

Қызылорда қаласында 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қайта жаңғыртылуда. Аталған жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен жүргізілуде. Кәсіпкерлердің бұл игілікті қадамы – туған жерге тарту.

Жоба бойынша бұл жұмысқа жалпы ауданы 40 000 шаршы метр заманауи материалдар қолданылады. Соңғы үлгідегі, сапалы материалдармен қапталған тұрғын үйлердің қасбеті шаһардың сәулеттік келбетіне жарасымды көрік береді.

Қазір Абай даңғылындағы №37, 39, 41, 43, 44, 46, 54, 62 үйлер, Мұратбаев көшесіндегі №17 үй, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары басталды.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған