Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен ігіліктің іске асуымен, яғни ауылға көгілдір отынның келуімен құттықтады.

«Мемлекет басшымыз «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Аймағымызда 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі

67 пайыз болатын, 2022-2025 жылдар аралығында 63 млрд. 600 млн. теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды.

Өткен аптада Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ берілсе, Жаңақорған ауданында автоматты газ тарату станциясы іске қосылды. Бүгін Өздеріңізбен бірге Дүр Оңғар ауылы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін іс-шараға, табиғи газға қосу сәтіне куә болудамыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жеткіземіз.

Жерлестерімізді көптен күткен газдың қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын әрбір отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!

Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің жемісті болуы – Сіздерге, еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбірліктеріңізге байланысты. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, бүгінде Қармақшы ауданын газдандыру деңгейі 78 пайыз. Екі мыңнан астам тұрғыны бар Дүр Оңғар ауылының газ желісіне қосылуы бұл көрсеткішті 83 пайызға жеткізеді. Аталған жобаға облыстық бюджеттен 7 млрд 200 млн теңге бөлінді.

Ауылға тартылған 62,5 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Сырдария өзені арқылы жүргізілді. Бұл жоба алдағы уақытта 10 мыңнан астам халқы бар 9 елді мекенді кезең-кезеңімен магистральдық газ желісіне қосуға мүмкіндік береді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған