Қызылорда қаласы « 1 » тамыз 2025 жыл.
Кіріспе бөлім
Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 19.06.2025 жылғы №7-Н бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен Департаменттің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінде (бұдан әрі – Бөлім)01.07.024 жыл – 31.05.2025 жыл аралығындағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Талдау)жүргізілді.
Бөлім туралы ақпарат:
Бөлім –Департаменттің жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі мақсаттары:
жердің пайдаланылуы мен қорғалуына ұтымды және тиімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Бөлім қызметкерлерінің лауазымы мен штаттық бірлігі төмендегідей қалыптастырылған:
Кесте
| № | Қызметкерлердің лауазымы | Штаттық бірлігі |
| 1 | Бөлім басшысы | 1 |
| 2 | Бас маман –мемлекеттік инспектор | 12 |
| Жинағы: | 13 |
Жалпы бөлім
Жұмыс тобымен Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сонымен қатар, Талдау жүргізу үшін ақпарат көздері Бөліммен ұсынылды, оның ішінде жер заңнамасының сақталуына тексеру шараларын ұйымдастыру барысында құқық нормаларын практикада қолдануы және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Нәтижесімен аталған бағыттар бойынша Бөлім туралы ақпараттар жинақтала келе, талдау жасалды.
Бөлім мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру барысында төмендегі негізгі заңнамаларды басшылыққа алады:
– Қазақстан Республикасының Жер кодексі(бұдан әрі – Кодекс);
– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі(бұдан әрі – ҚР КК);
– Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі(ӘРПК);
– «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі(бұдан әрі – ӘҚБтК);
– «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы(бұдан әрі –Нормативтік қаулы);
– «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
– «Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы, мемлекеттік жер кадастры үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚРПремьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2018 жылғы № 502 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.12.2018 жылғы № 101 бірлескен бұйрығы;
Ескертпе:жер құқығы қатынастары субъектілеріне қатысты жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы аталған актімен бекітілген.
– «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.07.2019 жылғы № 252 бұйрығы;
– «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 бұйрығы;
– «Жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.07.2023 жылғы № 254 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2023 жылғы № 133 бірлескен бұйрығы;
– «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы;
– «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығы;
– «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 бұйрығы;
– «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығы;
– «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;
– «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы;
– «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы;
«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығы.
Ескертпе:жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы аталған актімен бекітілген.
I. Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға қатысты
Бөлім өз қызметінде негізінен Кодекс, ҚР КК, ӘРПК, Нормативтік қаулы, «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы»ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2018 жылғы № 194 бұйрығы және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасайды.
Бұдан бұрын Бөлім тарапынан жүргізілген мемлекеттік бақылау қорытындысымен заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, оны орындамаған соң және мерзімі өткеннен кейін ӘҚБтК-нің тиісті нормаларына сәйкес әкімшілік айыппұл салынады.
Кодекстің 94-бабының 2-тармағында көзделгендей осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін беріледі.
Дегенмен, сотқа талап арыз беру барысында Бөлімнің қызметінде соттылық пен ведомстволық мәселесінде сұрақтар туындады.
Атап айтқанда, жеке меншік құқығымен берілген жер учаскесін мемлекетке мәжбүрлеп алып қою бойынша талап арыз Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралықәкімшілік сотымен, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотымен не Қызылорда қалалық (аудандық) сотымен қаралатыны аясында сұрақ туындаған.
Көтерілген мәселе жергілікті соттардың, облыстық прокуратураның және уәкілетті органдардың қатысуымен қаралған және түпкілікті шешімге қол жеткізілмеген.
Облыс деңгейінде мәселе шешілмегендіктен, бұл жағдай Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару комитетінің қарауына ұсынылып, нәтижесінде талап-арыздармен жұмыс жасау біржолға қойылды.
Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз ағымымен жүзеге асырылуда.
Бөлім өз жұмысында цифрлық технологияларды, оның ішінде космомониторинг және геоталдау жүйесін кеңінен қолдануда.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының жерді қашықтан зондтау деректері нәтижесімен шаруашылықтарға бармай «JerInSpectr» платформасы арқылы 307 мың гектар болатын 634 жер учаскесіне талдау жасалды.
Оның қорытындысымен жерлерін пайдаланбай отырған 104 мың гектар аумақтағы 461 шаруашылық субъектілеріне нұсқаулар жолданды.
Бұл бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ деген тұжырымға келеміз.
II. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға қатысты
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау
Бөлім мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру барысында заңнамаларға, одан туындайтын құқықтық актілерге, Департаменттің Ережесіне және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асыруда.
Талдау мерзімінде бөлім қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталмады.
Сол секілді, жеке және заңды тұлғалардан Бөлім қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)байланысты басшының атына шағымдар (жүгінулер), сондай-ақ өздерінің әрекеттерімен мінез-құлқымен жеке және заңды тұлғалардың тарапынан сынға себепкер болмаған.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз, әрі сыни материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарға, Департаменттің «facebook»парақшасына, «е-Өтініш»азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасына мониторинг жүргізілді.
Зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағымсыз және сыни материалдар анықталған жоқ.
Сонымен қатар, ҚР Бас Прокуратурасы ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет» жүйесіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы сұраныс жолданып, Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамағаны анықталды.
Осыған орай, Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар айқындалмады.
2) мүдделер қақтығысын реттеу
Жалпы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге бірнеше талаптар, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау қойылады.
Бөлімнің қызметкерлері анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерді қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес өзінің лауазымдық өкілеттіктері шеңберінде қараған.
Сондай-ақ, әзірленген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды заңға тәуелді актілер негізінде рәсімдеген.
Құжаттарды (актілерді, хаттамаларды, нұсқамаларды және т.б.) зерделеу нәтижесімен Бөлім қызметкерлерінің жеке басының мүдделерін ойлап өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауы не тиісінше орындамауы секілді жағдайлар анықталмады.
Бұл өз кезегінде Бөлім қызметкерлерінің жеке басының мүдделері мен олардыңлауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықболмағанын білдіреді.
Сонымен қатар, Бөлім «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының ақпаратын шаруашылықтармен инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлерде ротация талаптарын сақтау/сақтамау мәселесінде пайдаланып келеді.
Жүйе арқылы қай жерге және қанша көлемде қандай ауыл шаруашылығы дақылдарының егілгеніне қатысты мәлімет алуда және оны сотта қосымша дәлел ретінде қолдануда.
Ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен алынған мониторинг ақпараты жұмысты оңтайландырып қана қоймай, мекеме инспекторларының шаруашылықтармен тікелей қарым-қатынасын болдырмауға, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық жағдайының орын алмауына ықпал жасайды.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функцияларын іске асыру
Бөлім «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетпейтіндіктен, сондай-ақ рұқсаттар бермейтіндіктен, бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жүзеге асырылмады.
4) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бөлім жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
01.07.024 жыл – 31.05.2025 жыл аралығында Бөлім қызметкерлеріменжүргізілген тексеру нәтижесімен мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелері, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелері және жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу(2 карьер) бойынша жалпы саны 162 жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаберілген.
Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған 15 жер учаскесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның негізінде әкімшілік айыппұлдар салынған.
Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату бойынша түпкілікті мәселе (жерді босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу)атқарушы органдарменіске асырылатындықтан, құжаттар әкімдіктерге жолданған.
Талдау мерзімі ішінде берілген нұсқамалар,толтырылған әкімшілік хаттамаларжәне салынған айыппұлдар бойынша бақылау субъектілері тарапынан келіспеушілік білдірілмеген және шағымдар келтірілмеген.
Мұндай фактілердің болмауы тексеру шараларының қолданыстағы заңнамалар шеңберінде іске асырылғанын білдіреді.
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде мемлекеттік тіркеу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалына ақпарат уақытылы жолдап, тиісті шектеулерді қойған.
ҚР Жер ресурстарын басқару комитетімен 2024 жылы облыс бойынша пайдаланылмай жатқан 70 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару тапсырылған. Аталған жұмыстарды Департамент ішінде үйлестіру Бөлімге жүктелген.
Облыс әкімдігімен бірлесіп барлық ұйымдастырушылық-атқарушылық шаралар жүзеге асырылған, қала және аудандар бойынша қайтарылатын жерлердің тізбесі жасақталған, нәтижесінде облысқа бекітілген меже артығымен орындалып, 77,5 мың гектар мемлекетке қайтарылған.
Ағымдағы жылы орталық уәкілетті орган 60 мың гектар игерілмей бос жатқан жерді қайтаруды белгілеген. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жасалуда.
Жыл басында қайтарылатын жерлердің жоспары мен айлық кестесі жер саласына жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген, бірнеше рет жұмыс тобының отырыстары өткізілген. Орталық уәкілетті органмен бекітілген межені мерзімінде орындау бойынша барлық шаралар атқарылуда.
Ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланбаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған жалпы көлемі 11,4 мың гектар жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою бойынша Департаментпен сотқа талап-арыздар беріліп, олар қаралу үстінде.
Облыс әкімінің 23.10.2024 жылғы №233-ө өкіммен «Жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешімдерінің күшін жою практикасын талдау және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған.
Жұмысшы топ құрамына облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті, әділет департаменті, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Кәсіпкерлер палатасы және барлық аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары енген.
Бұл жұмыстарды үйлестіру мен тиісті шараларды атқару Бөлімге жүктелген.
Бөліммен ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты қабылданған құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою үшін сотқа талап-арыз беру үшін арнайы комиссияның қарауына материалдар мерзімінде ұсынылуда.
2024 жылы Бөліммен атқарылған бақылау шараларының нәтижесімен барлығы 231 (31868,30 га) заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген (о.і. кәсіпкерлік мақсатқа – 48, ауыл шаруашылығы мақсатта – 170, карьер – 4, траншея- 2, жерді уақытында қайтармау -1, жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау – 6).
Бұдан бөлек, 01.07.2024 жыл – 31.05.2025 жыл аралығындаталдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеген және қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылмаған.
Жалпы, бақылау-тексеру функцияларын іске асырунәтижесімен қызметкерлерде жеке басының мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықанықталмады.
Осыған орай, бұл бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ деген тұжырымға келеміз.
5) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу мен жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
2024 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті(бұдан әрі – Комитет)төрағасының 29.12.2023 жылғы №279 н/қ бұйрығына сәйкесДепартаменттің қосалқы қызметтері (бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу және кадр қызметі) орталықтандырылуына байланысты мемлекеттік сатып алулар Комитеттің тиісті басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
6) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Бөлім өз функцияларын атқару барысындажалпыға қолжетімді жер кадастры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, «ҚазҒарыш» жүйесінің «JerInspektr»платформасы мен «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасынпайдаланады.Сонымен қатар, талдау объектісінің қызметкерлері жер заңнамасының сақталуына байланысты жүргізіліп жатқан тексерулер бойынша рәсімделетін құжаттарды планшеттер арқылы жүргізуде.
Бұл жағдай Бөлім қызметкерлерін бақылау субъектілерімен қарым-қатынасқа барынша аз қатысуын және олармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысандардың бірі болып табылады.
Жерді қашықтықтан зондтау арқылы игерілмеген жерлерді анықтау жұмысы жолға қойылған, оның ішінде цифрлық технологияларды (космомониторинг және геоталдау жүйесін) кеңінен қолдануда.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының жерді қашықтан зондтау деректері нәтижесімен шаруашылықтарға бармай «JerInSpectr» платформасы арқылы 307 мың гектар болатын 634 жер учаскесіне талдау жасалды.
Оның қорытындысымен жерлерін пайдаланбай отырған 104 мың гектар аумақтағы 461 шаруашылық субъектілеріне нұсқаулар жолданды.
Өткен жылы жалпы көлемі 5200 (бес мың екі жүз) гектарды құрайтын 4 шаруашылыққа нұсқаулар берілді.
Орындауға міндетті нұсқаудың мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жерді қашықтан зондтау және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректері негізінде оларды мақсаты бойынша пайдаланбау және (немесе) ұтымсыз пайдалану фактілері қайтадан анықталатын болады.
Тиісінше заң бұзушылықты жоймаған тұлғалардан жер учаскелері мемлекетке мәжбүрлеп алынып қойылады.
Ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен алынған мониторинг ақпараты жұмысты оңтайландырып қана қоймай, мекеме инспекторларының шаруашылықтармен тікелей қарым-қатынасын болдырмауға, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық жағдайының орын алмауына ықпал жасайды.
Талдау мерзімі ішінде «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы Бөлімге 134 жолданым келіп түсіп, барлығына заңнама шеңберінде және мерзімінде жауаптар берілген.
7) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Бөлім қызметкерлеріөздерінің бақылаумен (тексерумен) байланысты шараларын жүзеге асыру кезінде олардың ұйымдастырушылық-атқарушылықжағынан мәселелерін шешуді және заңнаманы толықтыруды (жетілдіруді) қажет ететін жағдайлар кездескен жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарды болдырмау, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар орын алдырмас үшін департамент басшылығына барлық бақылау субъектілеріне қатысты жүргізілетін тексеру шаралары мен оның аясында болатын кездесулерді міндетті түрде бейнетіркегішпен жүргізілуде.
Жоғарыдағылардың негізінде, мекемеде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.
Р.Баймаханов
Б. Ергалиев
Б. Курманиязова
Талдамалық анықтама келісілді:
| № | Аты-жөні | Лауазымы | Қолы |
| 1 | Абжалиев Даниэль Аскарович | Бөлім басшысы-мемлекеттік инспектор | |
| 2 | Абдукаримова Индира Абилкасымовна | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 3 | Алиев Жанкелди Кайргалиевич | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 4 | Байтханов Самат Дәуренұлы | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 5 | Бодашев Ержан Мырзашович | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 6 | Даумова Зухра Бекетовна | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 7 | Жарылкасынов Кайрат Турсынбаевич | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 8 | Жумабеков Азамат Маргаждарович | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 9 | Іскендіров Жұмабек Мұханбетұлы | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 10 | Нұрғалиев Дәулетхан Жұмағалиұлы | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 11 | Омаров Нұржан Маратұлы | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 12 | Тельбаева Макпал Асановна | Бас маман-мемлекеттік инспектор | |
| 13 | Тілеуов Мухамбетжан Әнуарұлы | Бас маман-мемлекеттік инспектор |
Ескертпе: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Департамент басшының төрағалығымен өткізілген жиналыста жария талқыланды.