Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков құқық қорғау органдары басшыларымен жеке қабылдау өткізді.
“Руханият орталығында” өткен жеке қабылдауға аудандық сот судьясы Дархан Исабек, аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев, аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Ғалымжан Мамбетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Шиелі аудандық бөлімшесінің бастығы Асқар Баймаханов және жауапты сала басшылары қатысты.
Аудан басшысы мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал, құқық қорғау органдарының басшыларына, тұрғындар жер үлестері мен жерді рәсімдеу мәселелерін жеткізді. Тұрғындардың мәселелері қаралып, заңдылық аясында, реттілігіне қарай шешімін табатын болды.
Аудан әкімдігі ресми парақшасынан