Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі «Серікбол», «Ризық» сауда орталықтарына барып, әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларына бақылау жүргізді.
Сауда орталығында аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар өнімдер – ұн, нан, қант, күнбағыс майы, ет, көк өніс секілді тауарлардың бағасына ерекше назар аударды. Сауда нысандарының иелерімен жүргізілген әңгіме барысында бағаны негізсіз өсірмеу, тұрақты жеткі зілім мен сапалы қызмет көрсету мәселелері сөз болды.
– Бақылау жұмыстарының басты мақсаты – нарық тағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындарға қолжетімді бағада сапалы өнімдер ұсынуға ықпал ету. Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Әлеуметтік маңызы өнімдердің бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын тиісті бөліммен мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс.
Аудан әкімдігі ресми парақшасынан