Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, бірқатар өзекті деген мәселелер күн тәртібінде кеңінен талқыланды.
Жыл басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін негізгі көрсеткіштері сала – сала бойынша қаралып келе жатқаны белгілі. Бұл жолғы аппарат мәжілісінде ең ауқымды әрі маңызды сала құрылыс, автомобиль жол бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жиынның негізгі тақырыбына айналды.
Жиын барысында аудан басшысы А.Оңғарбаев саладағы бірқатар кемшіліктерді жіпке тізіп, құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелерден қысқа мерзім ішінде нәтиже шығару керектігін атап өтті.
2025 жылдың 3 айында Арал ауда нының аумағында 2 жол-көлік оқиғалары тіркелді, оның салдарынан 2 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алған.
Кешкілік уақыттарда қала ішінде автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтамайтындығы азаймай тұр. Олардың басым бөлігі жастар. Бұл бойынша аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы заң аясында қатаң шаралар қабылдау керектігін атап өтіп, жол-көлік оқиғаларын алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімдігі ресми парақшасынан