Қармақшы ауданындағы «Руханият» орталығында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Жастар – барлық өзгерістің бастауы» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Шара барысында «Білім берудегі өзгеріс: 1000 көшбасшы» кадрлық резерві аясында №186 мектеп директоры қызметіне тағайындалған Ғалымжан Бауыржанұлы Кәрібаев сөз алып, білім саласындағы реформалар мен жаңа бастамалар жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар ауданның мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген Жыраулар үйінің үйірме жетекшісі, белгілі жырау Бүркітбай Ақсұңқар ұлттық өнердің маңызы туралы сөз сөйледі. Білім мен ғылым жолында жетістіктерге жетіп жүрген Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп лицейінің президенті, белсенді жас, үздік оқушы Орынбасар Ердәулет жаңа шығармашылық туындысының алғашқы басылымын аудан әкіміне табыстады.
Кездесу соңында аудан әкімі белсенді жастарды марапаттап, оларға жаңа бастамаларында сәттілік тіледі.
Аудан әкімдігі ресми парақшасынан