Мәслихат депутаттарының сайлауында Қармақшы ауданының спорт саласындағы мақтаныштары да белсенділік танытуда. Азия чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ республикалық және облыстық додалардың бірнеше дүркін чемпионы Асемай Рүстемова Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде орналасқан №100 учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Ауданның белгілі спортшысы азаматтық борышын орындап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.