Конституция – еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп, қоғамдық қатынастарды әділеттілік қағидаттары негізінде дамытуға бағытталған маңызды құжат. Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне басымдық беріледі. Әсіресе заң алдындағы теңдік пен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау – әділетті қоғамның басты шарттары. Сондықтан жаңа Ата Заңның нормаларын қоғамдық өмірде жүзеге асыру әрбір мемлекеттік орган мен азаматтың ортақ жауапкершілігі болуы тиіс.
Толепов Ернат