Қызылордада Республика күні және «Алтын күз – 2026» дәстүрлі мерекесі аясында «Сыр маржаны – 2026» ұлттық ат бәйгесі ұйымдастырылды. Бәйгені халықпен бірге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары тамашалады.
Аймақ басшысы бәйге басында қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
Қызылорда облысы әкімі М.Ергешбаев:
– «Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен, береке-бірлікті айшықтайтын дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Алтын күзде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырады. Егініміз бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді.
Дана халқымыз «Жылқы болған жерде бәйге де бар» деген. Атқа қонса, айбарланып, рухтанатын ерлеріміз үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнердің тұтас бір бөлігі.
Өңірімізде ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны 30 мыңға жуықтап, түрлі додаларда сынға түсіп жүр.
Бүгінгі бәйгеде тұлпарлар дүбірі, шабандоздар шеберлігі көпшілікке қуаныш сыйласын!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!».
5 шақырымдық тай бәйгені ІІІ-ші орын Шымкент қаласынан Әли Мағжанұлы; ІІ-ші орын Қызылорда қаласынан Самат Айбар; І-ші орын Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан Мақсат Дауылбай;
11 шақырымдық құнан бәйгені ІІІ-ші орын Алматы облысы Балқаш ауданынан Санжар Бақтыбай; ІІ-ші орын Жамбыл облысы Меркі ауданынан Нұрасыл Өсер; І-ші орын Алматы облысынан Әділжан Төлеген;
15 шақырым топ бәйгені ІІІ-ші орын Алматы облысы Қарасай ауданынан Санжар Бақтыбай; ІІ-ші орын Алматы облысы Ұзынағаш ауданынан Болат Әлімшайқы; І-ші орын Жамбыл облысы Меркі ауданынан Нұрасыл Өсер;
25 шақырымдық аламан бәйгені ІІІ-ші орын Атырау облысы Жылыой ауданынан Қалилулла Тағылыталап; ІІ-ші орын Алматы облысынан Ахмет Анас; І-ші орын Жамбыл облысы Қордай ауданынан Ерсұлтан Тілеуғабыл олжалады.
Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.