Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерді еңбекке тарту, пайдалы дағдыларын қалыптастыру және қоғамға қайта бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Солардың бірі – қазіргі таңда мекеме асханасында еңбек етіп жүрген жазасын өтеуші азамат.
Күнделікті еңбек арқылы ол жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырып, жаңа дағдыларды меңгеруде. Асханадағы әрбір жұмыс – уақытты тиімді пайдалануға, ұжыммен бірлесе әрекет етуге және өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Сұхбат барысында ол еңбек ету адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, болашаққа мақсат қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Өткенді өзгерте алмаймын, бірақ болашағымды өзгертуге өзімнің бүгінгі әрекетім арқылы үлес қоса аламын. Сондықтан әр күнді пайдалы өткізуге тырысамын», – дейді ол.
Еңбек – жауапкершілікке бастайтын жол. Ал жауапкершілік – жаңа өмірге жасалған маңызды қадам.
Әр күн – өзгеруге мүмкіндік. Әр еңбек – болашаққа жасалған қадам!