Қоғамдағы дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетіктерінің бірі – татуластыру рәсімдері. Бүгінде азаматтар дауды сот арқылы шешумен қатар, өзара келісімге келу мүмкіндігін де пайдалана алады.

Татуластыру рәсімдерінің басты ерекшелігі – тараптардың өзара тиімді шешімге өздері келуінде. Медиация, бітімгершілік келісім және өзге де татуласу рәсімдері дауласушы тараптардың уақытын үнемдеп, сот процесінің ұзаққа созылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұндай рәсімдер тараптардың арасындағы қарым-қатынасты сақтауға да ықпал етеді. Әсіресе отбасы, көршілік, еңбек және азаматтық-құқықтық дауларда өзара түсіністікке келудің маңызы зор.

Татуласу соттардың жұмыс жүктемесін азайтып, дауларды жедел шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – тараптардың ерікті түрде келісімге келуі және қабылданған шешімнің екі жақтың да мүддесіне сай болуы.

Сондықтан татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану – дауды шешудің ғана емес, қоғамда өзара құрмет пен келісім мәдениетін қалыптастырудың да маңызды жолы.

Татуласу – уақытты үнемдеп, дауды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін тиімді құқықтық құрал.

З.М. Алимкулова

Шиелі аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған