Қызылорда өңіріндегі барлық 386 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санау процесіне көшеді.Еске салайық, Қызылорда өңірінде 386 сайлау комиссиясы құрылды. Мұнда 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарды.