Құрылтай сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.
4 ауысыммен жұмыс істейтін диспетчерлер сайлауда 327 қоңырауға жауап берді.
– Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы. Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.