Шиелі ауданының Байсын ауылында сайлау күні ұлттық құндылық пен азаматтық белсенділікті ұштастырған бастама жүзеге асты. Ауылдағы «Әкелер» ансамблінің мүшелері сайлау учаскесіне ұлттық киіммен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Қазақы нақыштағы киім киген әкелердің ұйымшылдықпен дауыс беруі елдік пен бірліктің, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық рухтың көрінісі. Бастаманың басты мақсаты маңызды саяси науқанға белсенді қатысумен қатар, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету.
– Ұлттық құндылықты сақтау әр азаматтың парызы. Біз әкелер ретінде жастарға жақсы үлгі көрсетіп, ел өміріндегі маңызды мәселелерге белсенді араласуды жөн санаймыз. Ұлттық киіммен бірге келіп, өз таңдауымызды жасауымыздың мәні де осында. Бұл туған елге деген құрметіміздің белгісі, – деді ансамбль мүшелері.
Ұлттық құндылық пен азаматтық белсенділік үндескен бастама елге деген құрметтің белгісі.