Banner

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеушілер арасында Абай күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Пушкин атындағы қалалық кітапхананың әдіскерлері ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның мол мұрасын насихаттауға бағытталған кітап көрмесін таныстырды. Көрмеге Абайдың шығармалары, қарасөздері мен өмір жолын қамтитын әдебиеттер қойылды.

Сонымен қатар, кітапхана әдіскерлері мекеме кітапханасының қорын толықтыру мақсатында мекеме тарапына бірқатар көркем және танымдық кітаптарды сыйға тартты. Бұл игі бастама жазасын өтеушілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға бағытталды.

Шара барысында жазасын өтеушілер де белсенділік танытып, Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның тағылымы мол қарасөздерінен үзінділерді көпшілік назарына ұсынды.

Рухани-танымдық бағыттағы мұндай іс-шаралар ұлы ойшылдың шығармашылығын кеңінен насихаттап, адамгершілік, білім, еңбек пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік береді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған