Banner

Қызылорда облысының аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің  жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 98, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың – 38, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктерге қатысты – 81, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 113, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 361 дерегі анықталды.

Сонымен қатар масаң күйде көлік құралын басқарудың – 8, көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілердің көлік басқаруының – 59, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қайта көлік басқаруының – 8 дерегі тіркелді.

Әкімшілік шаралар нәтижесінде 91 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ қозғалысын шектеу мақсатында 206 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған