Banner

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Еркінбеков ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Темірбаев, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңын қолданудың сот практикасы» тақырыбында баяндама жасап, негізгі мәселелерді атап өтті.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Ж.Жакеева «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мен жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы, жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы сот практикасы» тақырыбында баяндама жасады.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Изтелеуова өз баяндамасында соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелеріне тоқталды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған