Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 174-бабының 1-бөлігіне сай, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.
Тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.
Шиелі аудандық сотында бір күнде қарыз ақша өндіру туралы 7 талап қою бойынша тараптар сотқа дейінгі хаттама негізінде татуласып бітімге келген.
Татуластырушы-судья тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде, тараптар дауды бейбіт жолмен шешуді таңдап, сотқа дейінгі хаттама негізінде келісімге келіп, дауды реттеу туралы келісімдер жасасып, жауапкерлерге қарыз ақшаны бөліп төлеулеріне мүмкіндік берілген.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Шиелі аудандық соты