Banner

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Р. көп қабатты үйдің ауласында темекі шегіп, оның қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.

Р.-нің іс-әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен дәлелденген.

Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30275 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған