Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жиынға Департамент басшысы М.Асанова, Департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев, М.Оспанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары қатысты.
Департамент басшысы М.Асанова жиынды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, сот жұмысын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев сот жұмысын ұйымдастыру бағытында баяндама жасап, жұмыстың тиімді жоспарлануы, талдамалы қызметті жетілдіру, жоспарлардың орындалуы мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы Г.Каликованың, Қызылорда қаласының тергеу соты әкімшісінің басшысы А.Күншығарованың, Жалағаш аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Алтынбаевтың, Сырдария аудандық соты әкімшісінің басшысы Н.Әбідкәрімнің баяндамалары тыңдалып, соттардың қызметін тиімді ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған Департамент басшысы М.Асанова еңбек тәртібін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып, алдағы уақытта жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі