▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «К» акционерлік қоғамы жауапкер «К» акционерлік қоғамынан 73 250 595 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️Істі қарау барысында тараптарға дауды татуласу рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндірілген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️ Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген 2 197 518 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты