▪️Қызылорда қалалық сотының сот бұйрығымен әйелдің пайдасына күйеуінен кәмелетке толмаған балалары кәмелетке толғанға дейін ай сайын табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
▪️Сот бұйрығы негізінде жеке сот орындаушысымен атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
▪️Кейін өндіріп алушы әйел жеке сот орындаушысына алимент өндіруден бас тартатыны туралы арыз берген. Осы арыздың негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған.
▪️Алайда, әйел сотқа жүгініп, аталған арызды жұбайы мен оның туыстары тарапынан көрсетілген қысымның әсерімен жазғанын, оның құқықтық салдарын толық түсінбегенін көрсетіп, сот орындаушысының қаулысын заңсыз деп тануды сұраған.
▪️ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сай, ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс екені, баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылатыны көрсетілген. Яғни, кәмелетке толмаған балалар үшін өндірілген алименттен бас тарту заңнама талаптарына сай келмейді.
▪️Сот шешімімен жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысының күші жойылды.
▪️Сот шешіміне апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірілген, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты