Қызылорда облыстық сотында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев мерекелік шараны ашып, Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығын күзетіп отырған айбынды азаматтарға құрмет көрсетіп, олардың асқақ рухы мен адалдығын дәріптейтін айрықша күн екенін атап өтті.
ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова ерлер қауымын мерекемен құттықтап, сот жүйесінің дамуына үлес қосып келе жатқан жандарға еңбекте толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков өз сөзінде сот ұжымын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнап, жылы лебізін білдірді.
Шара барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін судьялар және сот мамандары бірқатар марапаттарға ие болды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Сабыров Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» төсбелгісімен, Қызылорда облыстық сотының отставкадағы судьясы К.Қаниева «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» төсбелгісімен, Қызылорда облыстық сотының судьясы С.Абызбаева «Жеті жарғы» төсбелгісімен, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбай «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен бірге, бірқатар судьялар мен мамандар ҚР Судьялар Одағының, Қызылорда облыстық соты төрағасының, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі