Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталғандай, Е. дәріхана ішінде қызметте тұрған азаматша А.-ға былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер жасаған.

Сот отырысында Е. өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта қайталамайтынын көрсетті.

Сот қаулысымен Е. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған