Талап қоюшы Б.-мен мен жауапкер жеке кәсіпкер «A» арасында ағылшын тілі бойынша жеке сабақтар форматта білім беру шарты жасалып, талап қоюшы оқу бағдарламасын 360 000 теңгеге несие рәсімдеп, сатып алған.
Талап қоюшы сотқа жүгініп, онда жауапкердің шартта көзделген талаптарды бұзғанын, оқу уақытын хабарламай өзгерткенін көрсетіп, төлеген оқу ақысын өндіруді сұрады.
Сотта жауапкердің өкілі шарттың талаптарын бұзғанын мойындап, оқу ақысы мен сот шығындарын қайтаруға келісті.
Осылайша, тараптар сотта дау бойынша өзара келісімге келді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуден тоқтатылып, талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылды.
Қызылорда қалалық соты