Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағы бойынша сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Анықталғандай, сотталушы бұрын меншікке қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған бола тұра, тиісті қорытынды жасамай, бөтеннің малын жасырын ұрлау мақсатында азамат А.-ның үйінің ауласына қоршаудан секіріп түсу арқылы заңсыз кіріп, мал қорасынан бір бас түйені жетектеп алып кеткен.

Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушіге 800 000 теңге мөлшерінде мүліктік зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі оның мойындаған жауабымен, жәбірленуші мен куәнің жауаптарымен, іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен бекітілген.

Яғни, ол меншікке қатысты ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, оған сотпен жеңіл жаза тағайындағанымен қорытынды шығармаған. Сот бір үкім бойынша жазаны өтеу барысында сотталушының бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзып, екі рет бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғанын, жеке басы жақсы мінезделмейтінін ескерген.

Сот үкімімен сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған