Осы сәтте Қызылорда қаласына қарасты кент-ауылдық округ және қаладағы бірақатар учаскелерге арнайы келген әжелер ансамблі жиналған тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем әндерін тарту етті. Ақ жаулықты аналардың орындауындағы ұлттық әндер мен халыққа жақын әуендер көпшіліктің ықыласына бөленіп, шараның мәнін одан әрі арттыра түсті.Әжелер ансамблінің өнері тек ән шырқап қана қоймай өз таңдауларын жасады. Жиналған жұртшылыққа бірлік пен татулықтың маңызын сезіндіре түсті. Ән мен әуенге толы сәтте тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен өз таңдауларын жасауға келіп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.Осындай тағылымы мол әрі рухани әсерге толы сәттер сайлау күніне ерекше сән беріп, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Тұрғындар ақ жаулықты әжелерге ризашылықтарын білдіріп, олардың өнері көпшілікке шаттық пен қуаныш сыйлағанын атап өтті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған