Жалағаш кентіндегі №128 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылған. Учаскеде азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық қажетті жағдай жасалып, дауыс беру процесі ашықтық пен айқындық қағидаттары негізінде жүргізілуде.
Атап айтқанда, учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастырылып, санитарлық және техникалық талаптар сақталған.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі, дауыс берудің заң талаптарына сай өтуі және азаматтардың құқықтарының бұзылмауы тұрақты бақылауда. Учаскеде бақылаушылар мен комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, дауыс беру барысының заң талаптарына сай жүргізілуіне ерекше назар аударуда.
Жалағаш кентіндегі №128 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Бибіәсия Дүйсенбиева айтуынша, учаскеде барлық рәсімдер заң аясында, белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған.
«Біздің учаскеде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе, заң талаптарының қатаң сақталып, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында барлық жұмыстар атқарылуда», – дейді комиссия төрағасы Бибіәсия Дүйсенбиева.
Жалпы, №128 референдум учаскесінде әрбір азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруына толық мүмкіндік жасалып, дауыс беру процесінің әділ, ашық және қолжетімді жағдайда өтуі қамтамасыз етілген.