Бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық референдум өткізіліп, барша қазақстандықтар саяси науқанға белсене атсалысуда.
Еліміздің жарқын болашағына бағытталған саяси науқаннан Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановта қалыс қалмай, Әйтеке би кентіндегі аудандық Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
– Конституция – еліміздің басты құжаты, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Ата Заңда мемлекетіміздің негізгі құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айқын көрсетілген. Бүгінгі референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан барша қазалылықтарды елдік маңызы зор саяси науқанға белсенді қатысуға шақырамын, – деді аудан әкімі.
Ауданда жалпы 38 референдум учаскесі болса, оның 13-і аудан орталығы Әйтеке би кентінде жұмыс жасауда. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Айта кетейік, барша ел азаматтары үшін референдумда дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00- де аяқталатын болады.