Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданы Полиция бөлімінің Жедел басқару орталығында қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде 72 дана бейнебақылау камерасы және 7 дана жылдамдық өлшегіш құрылғысы жұмыс жасауда. Бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын 3 бейнебақылаушы қадағалап, жедел әрекет ету арқылы қоғамдық қауіпсіздіктің нығаюына өз үлестерін қосып келеді.

Аталған орталық өткен жылдың ақпан айынан бастап жұмысын бастады. Содан бері 2025 жылдың соңына дейін 30-дан астам қылмыстың ашылуына өз септігін тигізіп, 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орынды ластау, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша түрлі әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Жыл басынан бері бейнекамералар түрлі заңсыз әрекеттердің алдын алуға және жолын кесуге өз септігін тигізді. Нәтижесінде 452 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 22 дерегі, масаң күйде көлік басқарудың 11 дерегі тіркелді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 292 әкімшілік хаттама ресімделді.

Қазіргі таңда аудан орталығында орнатылған 72 бейнебақылау камерасы мен 7 автоматты жылдамдық өлшейтін фотобейне тіркеу құрылғысы толық көлемде іске қосылып, тәулігіне 24 сағат үздіксіз жұмыс атқаруда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған