Бүгін жалпыұлттық коалиция мүшелері Рүстем Ізтілеуов, Берік Шайнуров, Әліби Басаров және Майра Боранбаева «Бастау-S» ЖШС ұжымымен кездесіп, жаңа Ата заң жобасының маңыздылығын түсіндірді.

Кездесуде Майра Боранбаева жаңа Заң жобасында халықтың ұсыныстары ексеріліп, азаматтардың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына ерекше мән берілгенін атап өтті.

«Өздеріңізге белгілі, заң жобасының 84 пайызына өзгерістер енгізілді. Денсаулық сақтау, құқық саласы, сот саласы, білім және ғылым салаларында айтарлықтай оң өзгерістер болғалы тұр. Себебі, комиссия мүшелері жаңа жобаны жазарда азаматтардың, сарапшылардың, саяси партиялардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі қарап, талдап, ортақ пайымға келді. Шындығында, жаңа Ата заң жобасы жаңа Қазақстанның барлық қажеттіліктеріне сай жасақталған»,- деді коалиция мүшесі.

Ал қалалық коалиция мүшесі Рүстем Ізтілеуов биыл Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасын ресми түрде әзірлеп, жариялағанын және оны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылғанын атап өтіп, ұжым болып қолдау көрсетуге шақырды.

Кездесуде серіктестік ұжымы референдум мен жаңа Заң жобасына байланысты өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, мардымды жауап алды. Айта кету керек, жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кездесулері әлде де жалғасатын болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған