Қызылорда облысында Жалпыұлттық коалицияның өңірлік және қалалық өкілдері қаладағы «Өнер орталығында» мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мәні, ел дамуының стратегиялық бағыттары, құқықтық реформалардың аспектілері және алдағы жалпыхалықтық таңдау мәселелері талқыланды.

Қалалық коалиция төрағасы Ибадулла Құттықожаев заң жобасының мазмұны мен тарихи контекстіне тоқталды. Ол атап өткендей, Ата заң жобасының 84 пайызы жаңартылған және қазіргі заман талабына сай қайта қаралған. Кездесуде комиссия мүшелерінің еңбегі, құжаттың халық сұранысына сәйкестігі және заманауи үрдістермен үйлесімі атап өтілді.

Өңірлік коалиция мүшесі Садық Мұстафаев өз сөзінде өңірдің спорт саласында атқарылған жұмыстарды мысалға келтіріп, бірлік пен жүйелі еңбектің нәтижесінде маңызды жетістіктерге қол жеткізуге болатынын айтты. Ал қалалық коалиция мүшесі Мақаш Талғат мәдениет ұжымдарының қоғамдық-саяси іс-шараларда қатысуын атап өтті және өнер саласының өкілдері өз пікірін білдіруге қатысып отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін талқылап, әртүрлі сұрақтар бойынша пікір алмасты. Жиын қатысушыларға ақпарат алмасу және өз ойларын ортаға салу мүмкіндігін берді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған