ИНВЕСТИЦИЯ ЖОСПАРДАН АРТЫҚ
Өткен аптада ғана испандық «Roca Group» компаниясымен жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Елімізде салынатын алғашқы зауыттыңқұны 44 млрд. теңге, 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2027 жылы іске қосылады.
2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 трлн. 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биылға тнвестиция 631 млрд. 400 млн. теңге жоспарланған. Бүгінде жаңа жобаларды іске қосу арқылы инвестиция 750 млрд. теңгеден асып, жоспар артығымен орындалды. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайыз артса, жеке инвестиция үлесі 70 пайыз болып отыр.
Экономиканы әртараптандыруда алдағы жылдары 2,8 трлн. теңгенің 98 инвестициялық жобасы жоспарланған. Бұл 12 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Биыл 300 млрд. теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды.
Шілде айында 5 млрд. теңгеге «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің толық автоматтандырылған кірпіш зауыты ашылды. Зауыт жылына 90 млн. кірпіш шығарып, жергілікті құрылысқа қажетті сұраныстың 90 пайызын қамтамасыз етеді.
«Қызылорда нан» серіктестігінің нан өндіру кешені іске қосылды. Кешеннің жалпы құны 5 млрд. 600 млн. теңге болатын нан-тоқаш, кондитерлік-макарон өнімдерін (жалпы қуаттылығы 7,8 мың тонна) шығаратын 4 цехы жұмыс жасауда.
Бұдан бөлек 753 млрд. 300 млн. теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталуда. Оларды атап өтсек, 414 млрд. 700 млн. теңгеге «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, 161 млрд. 400 млн. теңгеге кальцийленген сода зауыты, 60 млрд. теңгеге «Seven Rivers Technologies» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты, 37 млрд. 800 млн. теңгеге оңтүстік кореялық «With you e&c Qyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу зауыты.
«Табиғи тас Қызылорда» серіктестігінің 17 млрд. 300 млн. теңге қаржы салынған, қуаттылығы жылына 1 млн. 100 мың тонна әк шығаратын зауыты келесі жылы іске қосылады (92 жұмыс орны құрылады).
Өңірде аграрлық-индустриялық кластер құру мақсатында 51 млрд. теңгеге швейцариялық «Harvest agro» компаниясының техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіретін, қайта өңдейтін зауытының және 40 млрд. теңгеге жүгері дақылын терең өңдейтін крахмал-сірне зауытының құрылысы басталды.
Үкімет қаулысымен мамыр айында Қызылорда қаласында аумағы 550 гектар «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Аймаққа өндірістік нысандарды орналастыру мақсатында отандық, шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жерде өңіріміздің өнеркәсіптік-логистикалық әлеуетіне сәйкес келетін экономикалық қызметтің 18 түрі іске асады. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталуда.
ЖОБАСЫ БАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ БАР…
Сыр өңірінде экономиканың барлық саласында 2022-2024 жылдары 80742 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 2025 жылдың 11 айында 27964 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы 2022-2024 жылдары 42% артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, биылғы жылы 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жоспар 12,9% артығымен орындалды.
2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 100-ден астам елді мекенде 6 млрд. 828 млн. теңгеге 943 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1 303 жұмыс орны құрылды.
Аймақта жұмыссыздық көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Атап айтсақ 2022 жылы 4,9%, 2023 жылы 4,9%, 2024 жылы 4,8%, 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 4,6% болды.
АУЫЗ СУЫ ЖОҚ АУЫЛ ЖОҚ…
«2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге 78 ауылдыңәлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты.
Қызылорда облысының барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді.
Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылуда.
Осы бағытта биыл Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд.теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді.
Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ҚАМТУ 56,5%-ға ЖЕТТІ
Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі – аумағы 25 мың шаршы метр, құны 20 млрд. 500 млн. теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені. Бүгінде кешеннің құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынды.
Мемлекет басшысының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерінің санын көбейту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында жаңа стадион салынды.
УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алған 11 мың орындық заманауи нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Жаңа стадион 4 қазан күні футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен ашылды.
Аймағымызда халықтың барлық санатының бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды.
«Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп салынған «Теннис орталығы», «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ел игілігіне табысталды. Қордың демеушілігімен тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Нысан жақын күндері пайдалануға беріледі», – деді Н.Нәлібаев.
Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатылған 80 спорт-ойын алаңы ел игілігіне айналды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 5 спорт кешені бой көтеріп келеді.
Бүгінде облыста 1538 спорт ғимараты бар, саланы қарқынды дамытуға ұлттық компаниялар, қорлар және жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Соның бірі – «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлескен, Қызылорда қаласының сол жағалауына 3 млрд. 400 млн теңгеге салынған «Теннис орталығы».
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн теңгеге ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Аталған қордың көмегімен осы жылы Шиелі және Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынып, ауыл тұрғындарына табысталды.
Қазақстан футбол федерациясының «Алаң» бағдарламасымен 2024 жылы Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңы қайта жаңғыртудан өткен болатын. Осы жылы да федерация қолдауымен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, аудан жұртшылығы мен спортшыларына пайдалануға берілді.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – облыс әкімінің қолдауымен жеке теңгерімдегі «Тарлан» спорт кешені басқарма меншігіне беріліп, «Қызылорда ерлер және әйелдер бокс клубы» болып ресми түрде ашылды. Ғимарат демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай толық жаңғыртылды. Осылайша халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 56,5 пайызға жетті.
ҚЫЗЫЛОРДА ЖАРЫҚ САТАДЫ…
Кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 млрд. 200 млн. теңгеге 71 жоба жүзеге асып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеді.
Мемлекет басшысының қолдауымен «AKSA Energy» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған жобалардың бірегейі. Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады.
Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды. Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның іске қосылуы 2026 жылдың тамыз айына белгіленген. Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, станция уақытынан бұрын пайдалануға берілді.
Бүгінде 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын газ турбинасы қосылды. Келесі жылдың басында бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 МВт электр энергиясы өндіріледі.
Мемлекет басшысының Катар сапарында жасалған келісімнің нәтижесінде қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғысын жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 250 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған», «Қызылорда-Шымкент» жоғары қуатты 500 кВт электр желілері салынады. Оған қоса 1,5 мың шақырымдық «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші желісі жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 3 трлн. теңге, оның 1,7 трлн. теңге болатын 846 шақырым газ құбыры облыс аумағынан өтеді.
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Үкімет облыс орталығында 48 млрд. 500 млн. теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық, 14 млрд. 780 млн теңгеге 500 орындық емхана салуға тиісті қаулы қабылдады. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталады. Тағы бір 400 орындық емхана салу жоспарлануда.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық ауданында 10 млрд. 763 млн. теңгеге 28 медициналық нысан салынды.
Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқын алды, 5 млрд. 400 млн. теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар салынды. Шиелі ауданында 2 млрд. 300 млн. теңгеге бой көтерген жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Құрылысына 2 млрд. 200 млн. теңге бөлінген дәл осындай жаңа нысан жақын күндері Арал ауданында ашылады. Бұрын-соңды өз ғимараты болмаған Қан орталығы бүгінде жаңадан салынған нысанда халыққа қызмет көрсетуде.
Халық сұранысына сәйкес соңғы 2 жылда жергілікті бюджеттен бөлінген 5 млрд. 400 млн. теңгеге 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына табысталды.
Кейінгі жылдары 24 медициналық нысан 6 млрд. теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткізілді, 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жабдықталу деңгейі 2022 жылғы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 87,4 пайызға артты. Республикада 85,6 пайыз.
Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мамандар біліктілігін арттыру мәселесі ұдайы назарда. Халықаралық байланыстың артуы мамандардың тәжірибе алмасуына жол ашты. Өткен жылы 15 дәрігер Түркияның жетекші медициналық клиникасында білім жетілдірді. Биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі үздік клиникаларда біліктілік арттырды.
БІР ҒАНА КҮРІШ ЕМЕС…
Алдағы 3 жылға егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын енгізген шаруашылықтарды мемлекеттік қолдауға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекет басшысы суды көп қажет ететін дақылдар егісін оңтайландыруды, оның орнына ылғалға төзімді, өнімділігі жоғары, сұранысқа ие жүгері, майлы дақылдар көлемін арттыруды тапсырды.
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Осы жылы бұл көрсеткіш 234 млрд. 800 млн. теңгеге жетті. Қазіргі таңда 6 млрд. 400 млн. теңге болатын 9 жоба іске қосылды.
Ауыл шаруашылығының машина-трактор паркі жаңартылып, 2022-2024 жылдары 21 млрд. 800 млн. теңгеге 647 техника алынса, осы жылы 4 млрд. 700 млн. теңгеге машина-трактор паркі 139 ауыл шаруашылығы техникаларымен толықтырылды.
Дер кезінде қабылданған шешімдердің негізінде егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етіліп, егін шығынын болдырмауға барынша жағдай жасалды. Президент тапсырмасымен аймаққа Премьер-министр бастаған Үкімет делегациясы арнайы келіп, шаруалардың жағдайымен, егістің жай-күйімен танысты. Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің барлық өңірінен 139 қызметкерден құралған жеке құрамды жеткізіп, екі ай бойы шаруалардың игілігі үшін ауқымды жұмыс атқарды.
Үкімет резервінен 53 насос қондырғысын алуға қажетті қаржы бөлінді. Дер кезінде қабылданған шешімдер егінді шығынсыз жинап алуға жол ашты.
Өңірде биыл 189 600 гектарға егін егілді, 80900 гектарға себілген күріштің әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды.
Аймақта су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су шығынын азайту мақсатында егістікке жаңа технологиялар енгізілуде. Биыл диқандар күріш алқаптарының 60 мың гектарын лазермен тегістеп, суды үнемдеп, өнімділікті арттырды. Су үнемдеу технологиялары 8100 гектарға пайдаланылып, өткен жылмен салыстырғанда екі есе ұлғайды. Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу технологияларын қолданып жүгері, жоңышқа егуге бағытталған 3 ірі жоба қолға алынған.
Жүгеріні терең өндейтін Қызылорда крахмал-сірне зауыты жобасы 2025-2029 жылдар аралығында екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңде кептіру кешені, екінші кезеңде жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынады. Зауытқа 35 гектар жер телімі табысталып, 10 мың гектарға дән жүгері егуге шаруалармен келісім жасалды.
Одан бөлек швейцариялық «Харвест Груп» компаниясымен бірлесіп, 21 мың гектарға техникалық қарасора, жүгері және соя өсіріледі, агроиндустриялық кластер құру жоспарлануда. Бұл жобалар аймақтың егін шаруашылығын әртараптандырып, саланы жаңа деңгейге көтеруге оң ықпалын тигізеді.
200-ге ЖУЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНДЫ
Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үйлер салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.
«Білімді қолдау қорының» 8 млрд. 400 млн. теңге қаржысына физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты ел игілігіне табысталды. Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге салынған Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі.
Қызылорда қаласында құрылысына 11 млрд. теңге қаралған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Оқушылар үйі мен Өнер мектебі, облыс орталығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілігімен 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи Оқушылар сарайы ашылды. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасын салуға 4 млрд. 800 млн. теңге демеушілік жасады.
Қазіргі уақытта Президент саябағында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған «Құзыреттілік орталығы» ғимараты да басталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру, ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. Қорқыт Ата мемориалды аллеясы да жаңғыртудан кейін жайлы демалыс орнына айналды.
Жаңарған Президент саябағы тұрғындар көп жиналатын қаладағы көрікті орындардың бірі болады. Бүгінде саябақта бес жұлдызды қонақүй салынуда. Сырдария өзені үстінен Астана шағын ауданы мен екі аралықты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоспарланған.
Өңірде 2023 жылдан бері облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. Үлгілі ауылдарға облыстық бюджет қаржысына алынған 67 арнайы техника табысталды.
ЖОЛ САПАСЫ 100%-ға ЖАҚЫНДАДЫ
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көлік логистикасын одан әрі дамыту бағыты белгіленіп, «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолының құрылысын жеделдету тапсырылған. Автожолдың ұзындығы 559 шақырым, оның 189 шақырымы Арал ауданының Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман, Бердікөл, Сексеуіл ауылдары арқылы өтеді. Бұл өңірдің ең шеткі елді мекендеріндегі жол қатынасын жақсаратады.
Кейінгі 2022-2025 жылдары 1600 шақырым автомобиль жолы мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.
Қызылорда қаласындағы 270 көше қайта жаңғыртылды. Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге бөлініп, 329 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті.
Жақында ғана «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының облыс аумағындағы 216 шақырымы қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілді. Мамыр айында Арал қаласында 3 млрд. 140 млн. теңгеге салынған 940 метрлік аспалы көпір ашылды. Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін көпірді де тұрғындар ұзақ жыл күтті, бұл нысан құрылысына 1 млрд. 400 млн. теңге жұмсалып, шілде айында пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы автомобиль жолын 4 жолақтыға ауыстыру жобасы демеушілер есебінен 350 млн. теңгеге әзірленді. Бүгінде қала маңынан айналма жол салу жұмыстары басталады. Екінші бөлігі, яғни Ақтөбе шекарасына дейінгі 462 шақырымның техника-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жоба құны 832 млрд. 812 млн. теңге, құрылыс аяқталғанда жарты мың шақырымға жуық жол І санатқа ауысады.
Мемлекет басшысының қолдауымен Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ел игілігіне пайдалануға берілді. Жобаны іске асыруға 16 млрд. 700 млн. теңге жеке инвестиция тартылды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 4 млрд. 300 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бүгінде әуежай мемлекеттік субсидиясыз жұмыс жасайды. Жаңа терминалдың жылына 2 млн. жолаушыға дейін қабылдау мүмкіндігі бар. Аптасына 30 рейс, Астана қаласына 18, Алматы қаласына 12, күнделікті 1200-ден астам жолаушыға сапалы, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетеді.
Қызылорда қаласында 975 млн. теңгеге салынған заманауи автовокзал да жолаушылар игілігіне айналды. Облыс орталығы тұрғындарының қоғамдық көлікке қатысты мәселесін шешу үшін 300 жаңа автобус әкелінді, оған қоса 1 млрд. теңгеге сатып алынған 100 экотакси қалаішілік көлік қатынасының жүйеге келуіне оң ықпал етті.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен облыс орталығындағы теміржол вокзалы 600 млн. теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда Арал, Сексеуіл, Жалағаш, Тереңөзек вокзалдары қайта салынып, Қазалы, Төретам, Шиелі, Жаңақорған теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтуде.
Жақында инвесторлар Арал, Жаңақорған аудандарында жол бойындағы заманауи қызмет көрсету кешендерін ашты. Қызылорда қаласындағы теміржол асты автожол құрылысы қарқынды жүруде. Ал Қармақшы ауданы орталығындағы теміржол арқылы өтетін көпір құрылысы алдағы уақытта басталады.
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗ ҮЙІ БАР
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынған «Достық үйінің» жаңа ғимараты жақын күндері пайдалануға беріледі.
Сыр өңірінің мәдениет пен руханият саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2022 жылдан бері 20 мәдениет нысаны жаңадан бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Өңірде мәдениет саласында соңғы 3 жылда 21 мәдениет нысаны жаңадан бой көтерді. Оның 9-ы ауылдық клуб, 7-уі «Руханият орталықтары» және Анаға тағзым, Отбасы, Өнер орталықтары мен облыстық тарихи-өлкетану музейі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен биыл 2 ауылдық клуб салынуда. Аудандағы «Руханият орталықтарында» музей, кітапхана, архив, неке қию залына, ардагерлер мен аналар кеңесіне, жастарға, этномәдени бірлестіктерге, үкіметтік емес ұйымдарға толық жабдықталған жұмыс кабинеттері ашылды.
Қызылорда қаласында «Отбасы орталығы», «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Көпфункционалды мың орындық «Өнер орталығы» шығармашылық кештер, концерттер мен қоғамдық іс-шаралар өтетін орынға айналды.
Биыл Қызылорданың Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толды. Атаулы датаға орай 2 млрд. 300 млн. теңгеге облыстық тарихи-өлкетану музейінің заманауи жаңа ғимараты ел игілігіне берілді.
Мәдениет саласының қызметкерлеріне көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 пәтер табысталды.
Жаңадан симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің отауы Жыраулар үйі ашылды.
Сыр өңірінде мәдениет, өнер және әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында «Тұран» сыйлығын жыл сайын табыстау дәстүрге айналған. Бұған дейін Астана, Алматы қалаларында Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай, Шығыс Қазақстан облыстарына да өнер сапары ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының өнер майталмандары Наурыз мерекесін, еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде, атап айтқанда, Испания, Финляндия, Эстония елдерінде насихаттады. Ұлттық мереке Республика күніне орай Швейцарияның бірнеше қаласында Қызылорданың мәдениет және өнер күндері өтті.
“ЕСКІ ВОКЗАЛ ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕС”
Брифинг барысында журналистер Қызылорда қаласындағы ескі “Салтанат” автовокзалына байланысты айтылып жүрген арыз-шағымдардың ақиқатын сұрады. Жергілікті жалға алушылардың айтуынша әкімдік вокзал орналасқан жерді алып қойғысы келіп, әртүрлі тексерістер ұйымдастырып, жұмыстарына кедергі келтіруде.
Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев: – Вокзалда негізсіз тексерулер жүргізіліп, кәсіпкерлерге кедергі жасалып жатқан жоқ. Өкінішке орай, талап қойылған жағдайда, бірден біреу алып қойғалы жатыр, тіпті әкім өзіне алып қойғысы келеді деген қауесет әңгімелерге үйренгенбіз. Әкімге бұл автовокзалдың керегі не? Ол ешкімге де керек емес. Біздің ешкімге кедергі келтірмейтінімізді, адал, заңмен жұмыс істейтіндерді қолдап отыратынымызды түсінетін уақыт жетті. Алайда, кімде-кім тәртіпті бұзып, қаланың сыртқы келбетіне нұқсан келтіретін болса, баршаға ортақ тәртіпті талап ету – бұл біздің міндетіміз.
Егер де жалға алушылар барлық санитарлық нормаларды, басқа да талаптарды сақтап жұмыс істесе, ешкім де оларға кедергі келтірмейді. Бұл автовокзал өте ескі. Біз иесіне бірнеше рет күрделі жөндеу жасауды, жаңа ғимарат салуды ұсындық. Әрине автовокзал тұрғындарға керек. Шынын айтқанда ешқандай жағдай жасалмағаны өте ұят. Біз бірнеше рет ескерткенмен өкінішке орай кәсіпкерлер құлақ аспады. Басқа кәсіпкерлерге жаңадан автовокзал салуды ұсындық, қолдау болмады.
Облыстық бюджеттен 975 млн. теңге қаржы бөліп, салынған жаңа автовокзал қалада жұмыс істеп тұр. Өзіңіз жолаушы ретінде екі автовокзалда болып, салыстырып көріңіз. Ескінің неге толықтай жұмыс істей алмай тұрғанын, жолаушылардың неге жаңа автовокзалды таңдап жатқанын түсінесіз.
БІЛІМГЕ САЛҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫМЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл осы мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылған болатын.
Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.
2023 жылдан бері өңірдегі 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты салынып, ел игілігіне табысталды. Аталған қордың демеушілігімен Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері шәкірттерге есігін айқара ашады.
Кәсіпкер демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық жағдайдағы мектептің орнына жаңадан білім ордасы салынды. Соңғы үш жылда 15 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
«Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар сарайы, облыстық бюджет қаржысына Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандарынан 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынды.
Биыл «Қазақстан халқына» қоры арқылы 500 млн. теңгеге 2 мектеп ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды. Бүгінде аталған қордың 2,5 млрд. теңге қаржысына облыстағы 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектептің физика, химия, биология пәндік кабинеттері құрал-жабдықтармен қамтылды.
Білім саласын қолдаудың арқасында Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен Қызылорда облысы республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды, яғни ҰБТ-ға қатысқан 9 352 оқушының орташа баллы 75,7 болды. Республикалық орташа көрсеткіш – 70,1. Талапкерлер жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты жеңіп алу бойынша да республикада бірінші орынға шықты.
Жақында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысының командасы қоғамдық-гуманитарлық бағытта 2-орын, жаратылыстану-математикалық бағытта 3-орынды иеленді.
Боливияның Сукре қаласында өткен 36-халықаралық олимпиадада (International Olympiad in informatics-IOI) Қазақстан құрама командасы атынан сайысқа түскен Қызылорда қаласындағы С.Шаухаманов атындағы №9 Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мамадахунов Мансұр күміс медаль алды.
WORLDSKILLSKAZAKHSTAN X республикалық чемпионатында қызылордалық жастар 1 күміс, 5 қола медаль және 5 үздік маман медальонына ие болды.
ХАЛЫҚ ТАЙҚАЗАНЫ ТОЛЫП ТҰР…
Сыр өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында өткен 11 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің барлығының өсімі қамтамасыз етілді.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. 100 млрд. теңге (108,1%), жыл қорытындысымен 3 трлн. 700 млрд. теңгеге жетіп, 6,5 пайыздық өсім қамтамасыз етіледі (2021 жылмен салыстырғанда 2 есе артық).
Аймақ бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайыз өсті. Оның 56 пайызы (477,6 млрд тг) әлеуметтік салаға бағытталған. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есе артты.
Өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. 2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 трлн. 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылса, биылға 631 млрд. 400 млн. теңге жоспарланған. Бүгінде жаңа жобаларды іске қосу арқылы жоспар 750 млрд. теңгеден асып, 13,7%ға артығымен орындалды. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайызға өсті, жеке инвестицияның үлесі 70 пайыз.
Кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден бөлінген 203 млрд. 81 млн теңгеге 16 634 жоба қаржыландырылды. Оның 37 млрд. 962 млн. теңгесі – мемлекеттік бағдарламалар қаражаты. Биыл 40 млрд. теңгеге 2 464 жоба қолдау тауып, кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 21% болады.
Облыс экономикасының негізгі саласы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға соңғы 3 жылда 43 млрд. теңге қаржы бөлінді. Шаруашылықтар есебінен 41 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Корея Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен келіссөздер жүргізіліп, 2023 жылы 6 қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект институты ашылды.
Президент тапсырмаларын жүйелі іске асырып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Бюджет қаражатын оңтайландыру мақсатында 2022 жылдан бастап әлеуметтік салаға жан-жақты, терең талдау жүргізілді. Нәтижесінде 108 млрд. теңге қаржы үнемделді. Оның ішінде, білім саласынан 64 млрд. 300 млн. теңге, мәдениет және спорт саласынан («Арт-спорт» бағдарламасынан) 15 млрд. 400 млн. теңге, әлеуметтік қорғау саласынан 8 млрд. 200 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу барысында 20 млрд. 100 млн. теңге қаржыны үнемдеу шаралары қабылданды. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.
Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» бастамасын кәсіпкер-меценаттар, қоғамдық қорлар белсенді қолдап, Сыр өңірін көркейтуге өз үлестерін қосып келеді. 2022 жылдан бері кәсіпкер азаматтар аймақтағы жаңа жобаларға 55 млрд. теңгеден астам қаржысын салды.
Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың брифингте жасаған баяндамасынан.