▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Д.-ның кәмелетке толмаған ұлы көп қабатты үйдің подъезінде сіріңкемен ойнап, өрт болу қаупін туғызған.
▪️Сонымен қатар, кіре берісте орналасқан бейнебақылау камерасын ұрып сындыруға әрекет жасаған.
▪️Азаматша Д. сотта берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп,
жеңіл жаза қолдануды сұрады.
▪️Сот қаулысымен азаматша Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты