▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша К.-ге қатысты іс қаралды.

▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның кәмелетке толмаған ұлы Қызылорда қаласында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.

▪️Осылайша, азаматша К. ата-ананың міндеті кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекетке жасауына жол берген.

▪️Сот қаулысымен азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған