▪️Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды.
▪️Жұмыс сапары барысында алқа төрағасы қалалық сот ұжымымен кездесіп, жұмыс қорытындыларымен танысып, істерді қарау мерзімдерін сақтау және сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету мәселелерін атап өтті.
▪️Сонымен бірге, сот жұмысының тиімділігін арттыру және заңдылық қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі