▪️Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Сотта анықталғандай, К. қоғамдық орында темекі қалдығын қоқыс жәшігіне тастамай, белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

▪️Сот отырысында К. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын, қоғамдық жұмысқа тартуға байланысты жаза тағайындауды, қатаң жаза қолданбауды сұраған.

▪️Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған