▪️Шиелі ауданы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

▪️ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.

▪️Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Азаматша Г. алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін мас күйінде жүріп, бұл құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

▪️ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік қамаққа алу жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайтыны қарастырылған.

▪️Іске тіркелген құжаттар бойынша азаматша Г. алпыс бес жасқа толған.

▪️Сот іс құжаттарын зерделеп, азаматша Г.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 27 524 теңге айыппұл тағайындалды.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған