▪️ Сотталушы А. жәбірленуші Ж.-мен бірге ішімдік ішкеннен кейін екеуінің арасында жанжал туып, жәбірленуші оны үйінен шығарып жіберген.
▪️ Бұдан кейін сотталушы А. жәбірленуші Ж.-ның үйіне қайтып келіп, ағашпен соққы жасап, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше мәрте соққылар жасап, ауыр дене жарақатын келтірген.
▪️ Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласының №2 соты