Тоқты. Айдың алғашқы жартысында білім көтеруге, оқуға назар аудару қажет. Білімді адамдармен көбірек қарым-қатынас жасауға тура келеді. Бәлкім оларға эксперт көмегі қажет болар. Сондай-ақ бұл кезең заңға қатысты мәселелерді шешуге, шет тілін үйренуге, басқа елдердің мәдениетімен танысуға қолайлы кезең.
Айдың екінші жартысында қаржы саласына назар аудару керек. Банкпен, салық органдарымен қарым-қатынаста мәселе болуы мүмкін. Борышкерлермен келісімге келу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ осы кезеңде кредит, немесе қарыз алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат жинақтайсыз.
Жалпы ай бойы қаржы мәселесімен айналысуға тура келеді. Өйткені осы айда Тоқтылар осы мәселеде өзгелерменен ортақ тіл табыса алады. Бәлкім төлемдерді кейінге қалдыруға, қаржы мәселесінде өзіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік болар.
Саясатқа, қоғамға қатысты пікірталастарда Тоқтылар өте өткір пікір айта алады, әрі айтқанынан қайтпайды. Әділеттілікке қатыстының бәрі тітіркендіреді. Сондықтан да дау-дамайға ілігіп кетпес үшін, басқалармен қарама-қайшылықтарға бармас үшін өткір тақырыптардан аулақ болыңыз. Алыс жолға сапарға шығарда абай болған жөн. Кездейсоқ жағдайлар орын алуы мүмкін.
Жалпы бұл кезең “ақырын жүріп, анық бастың” уақыты, немесе “бас істемесе, екі аяққа күш түсер” дегендей. Алдымен ойланып барып, іс жасаңыз. Көп мәселеде өзіңізді тоқтата біліңіз. Алдымен жағдайды бағалап алып, содан кейін мақсатты айқындап, соңында әрекет еткен дұрыс. Әйтпесе көптеген қателіктер болуы мүмкін. Қаржы мәселесінде де жалпы жағдай жаман болмағанымен, ойланбай жасаған шығындар болуы мүмкін. Бүгінгі күні ең бастысы үнемдей білу керек. Көңіл қалауымен емес, қажеттілікке қараған жөн.
Денсаулық мәселесінде дәрігердің нұсқауынсыз өзгерістер жасаудың қажеті жоқ. Тіпті пайдалы дегеннің өзінде де алдымен өз ағзаңыздың бейімділігін байқаған жөн. Дене күшіне сене беруге болмайды. Бұрыннан созылмалы сырқаттар сыр беруі мүмкін.
Торпақ. Айдың алғашқы жартысында банктермен, салық органдарымен, сақтандыру қызметтерімен қарым-қатынас орнатуға тура келеді. Ақпараттар жинақтап, хабарламаларға, хаттарға назар аудару керек. Егер де кредит алғыңыз келіп жүрсеңіз, немесе басқа да қаражатқа қатысты құжаттарды рәсімдеу қажет болса, қолайлы кезең.
Айдың екінші жартысында адамдармен қарым-қатынасты күшейту қажет. Айналаңызда қозғалыс көп. Тапсырыс берушілер, немесе пациенттер, тағы да басқа қызмет алушылар қатары көбейеді. Жеке қарым-қатынаста да жан бітеді.
Бұл айда адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білсе Торпақтар табысқа қол жеткізе алады. Қызықты таныстықтар болады. Ең бастысы үйде отырмай, сыртқа шығу керек. Егер де біреулерге қарыз болсаңыз, қайтаруға дайын болыңыз. Ал өзіңізге басқалар қарыз болса талап етіңіз.
Іскерлік қарым-қатынаста өте абай болған жөн. Мүмкіндігінше өзгелердің көңілін тауып, қарым-қатынасты үзбеңіз. Ақша бар болғанымен жұмсайтын көзі де көп. Алаяқтық, немесе ұрлық кесірінен, сондай-ақ өзінің абайсыздығынан үлкен көлемде ақша шығыны болуы мүмкін. Әсіресе бірлескен мүлік бар тұста, мәселен акция, бизнес, немесе мұрагерлікті бөлу кезінде қиыншылықтар туындауы мүмкін. Ойыңызға түспей жүрген қарыздарыңызды бәлкім алимент, бәлкім салық, есіңізге түсіріңіз, әйтпесе арты қиын болады. Тәртіпті сақтай білмесеңіз, айыппұл да арқалайсыз. Жеке өмірде жақын адамыңызбен түсінбеушілік орын алады. Жұмсақтық танытыңыз. Есіңізде болсын “асықпаған арбамен қоянға жетеді”.
Иммунитет төмен болғандықтан денсаулық сыр беруі мүмкін. Гигиена сақтаңыз, адамдар көп шоғырланған жерден қашық жүріңіз. Тамақ ішкенде, әсіресе экзотикалық ас мәзірлерінен абай болыңыз.
Егіздер. Айдың алғашқы жартысында Егіздер көп қарым-қатынас жасайды. Сондай-ақ айналасына көп адам жинайды. Егер де жұмысыңыз адамдармен тікелей қарым-қатынасқа бағытталған болса, бұл айда әдеттегіден көп. Бәлкім қарсыластарыңызбен даулы мәселелерді талқылап, келісімге келерсіз. Серіктестеріңізбен де көп әңгімелесуге тура келеді.
Айдың екінші жартысында тұрмыстық, күнделікті мәселелерге және денсаулыққа назар аударуға тура келеді. Ұсақ-түйек демеңіз. Тіпті сол ұсақ-түйек үшін көптеген жерлерге барып, көп қағаз жинауға тура келеді. Жұмыс барысында қысқа іс сапар болуы мүмкін. Айдың соңғы жағында дәрігер жағалайсыз. Негізі бұл айда Егіздер жақсы үй сатып алғысы келеді, жұмыс орнын әдемілегісі келеді, жаңа техника, жұмыс үшін әдемі заттар алғысы келеді. Сондай-ақ денсаулыққа қатысты да жаңа заттар алуды ойланған дұрыс. Ең болмаса массаж, әйтпесе дұрыс тамақтану.
Іскерлік қарым-қатынаста Егіздер шабуылға шығуға дайын. Өз ұстанымдарын дәлелдеп, бір тоқтамға тоқтағысы келмейді. Негізі сабыр сақтаған дұрыс.
Өз өміріңізді жақсы жағына өзгертуге тырысыңыз. Алдымен адамдарға, айналадағы жағдайларға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Айдың орта жағында қаражаттық қиындықтар болуы мүмкін. Көз қызығатын заттар көп. Абай болыңыз. Бұл уақытта кредит алмаған дұрыс. Негізі қаражатқа байланысты мәселелерді айдың соңына қалдырыңыз. Еңбекке, бар күш-жігермен жұмыс істеуге дайын болыңыз. Бәлкім жаңа әріптестер, жұмыстың жаңа әдісін іздеуге тура келер. Алғашқыда қиын көрінгенімен өз тәжірибеңіз, шешім қабылдай білетін қасиетіңіз көмекке келеді. Оның үстіне түйсігіңіз алдамайды.
Айдың бас жағында белсенді Егіздердің көңіл-күйі құлазиды. Бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқысыздық та бар. Мамандармен ақылдасқан жөн. Өз-өзін емдеудің қажеті жоқ.
Шаян. Айдың алғашқы жартысында отбасындағы ұсақ-түйек тіршілік, сондай-ақ жұмыстағы да күрделі емес мәселелер уақыт алады. Үйге шағын жөндеу жұмысын жасау қажет болар, не болмаса соншалықты маңызды емес заттар сатып алуға тура келеді. Жұмыс барысында да абыр-сабыр, әсіресе архив пен құжаттарға байланысты. Айдың екінші жартысында балаларға көңіл бөлуге тура келеді. Бәлкім мұғалімдермен қарым-қатынасты жақсартып, балалардың оқуына, қосымша білім алуына, бос уақытына байланысты іс шараларға қатысу қажет болар. Тіпті балалармен бірге жолсапар да мүмкін. Арада түсінбеушілік болған жағдайда келісімге келген дұрыс.
Негізі бұл айда Шаяндар өз әріптестеріне шыдаммен қарағаны жөн. Жұмыс орнында дау-дамай орын алса, өз мінезін бақылауда ұстағанның артықтығы жоқ.
Қаржы мәселесінде салқынқанды болу керек. Сәтсіз келісім шарттар, ойланбаған қомақты қаржы салу, күтілген төлемдердің, мәселен жәрдемақының кешігуі мүмкін. Содан да шығын жасарда жоспарлаған дұрыс. Бағалы мүліктерге абай болыңыз. Кез-келген адамға сенім білдірмеңіз.
Жеке қарым-қатынаста түбегейлі өзгерістің қажеті жоқ. Денсаулық жақсы. Спорттық жаттығуларды, сауықтыру курстарын жоспарлай беріңіз. Сондай-ақ дұрыс тамақтануға назар аударыңыз. Ішкі дүниеңіздегі бәрінен де жақсы өмір сүргім келеді деген тілек оянады.
Арыстан. Айдың алғашқы жартысында балаларға назар аударыңыз. Білім беру, көңіл көтеру, балалар қыдырысы туралы ақпараттар жинақтаңыз. Айдың екінші жартысында баспана мен туысқандар мәселесіне назар аударыңыз. Бәлкім қозғалмайтын мүлікке байланысты құжаттарды рәсімдеу керек болар, немесе баспана сатып алуға, әлде жалға алуға қатысты ақпараттарды жинақтауға тура келеді. Жөндеу жұмыстарын жасау қажет болып тұр. Сондай-ақ Арыстандар осы айда жиһаздарды да жаңартқысы келеді. Жалпы өзі тұратын жерін әдемі етсем деген ниеті осы айда орындалуы мүмкін. Арыстанның айналасындағыларға ескертпе: ол бұл айда өте жомарт, әрі ақкөңіл. Көңілін таба білсеңіз бар сұрағаныңызды береді.
Өз мінезін көп ретте бақылай бермейтіндігі көп кедергі. Әдетте ашудың кесірінен жұмыс орнында орын алған реніш соңы қателіктерге әкеледі. Сондай-ақ жақын адамдарына реніштің соңы да қаржылай шығынға ұшыратуы мүмкін. Бұл кезеңде өз денсаулығына назар аударғаны дұрыс. Жасы егде Арыстандар өздеріне көп жүк ала бермеу керек. Әйтпесе шаршау соңы сырқатқа әкеледі.
Бикеш. Айдың алғашқы жартысында қозғалмайтын мүлікке және отбасына қатысты мәселелер орын алады. Туысқандарыңыз үшін құжаттар рәсімдеуге, баспанаға қатысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ қозғалмайтын мүлікті сатуға, сатып алуға, немесе жалға алуға дайын болыңыз. Айдың екінші жартысында қысқа мерзімді жол сапар болуы мүмкін. Бикештер әлдебір іс шараның ұйымдастырушы, әрі басқа адамдар үшін ақпарат жинаушы, сондай-ақ қатысушылардың мүдделері мен күнтізбелік кестесін үйлестіруші болуы мүмкін.
Ай бойы айналасындағылармен, көршілермен, жолсеріктермен жақсы тіл табысады. Күтпеген жерден пайдалы таныстықтар болуы мүмкін. Осы айда өзінің сыртқы келбетіне, иммиджіне баса мән беріп, басқа адамдардың көңілінен шығуға тырысса, ақпараттар жинақтау және құжаттарды рәсімдеу жеңіл болады. Ал өз туысқандарына, отбасындағыларға өте талапшыл болып, олардан тәртіпті болуды талап етеді. Жөндеу жұмыстарын жасағысы келгенімен, кейінге қалдырғаны дұрыс. Бұл айда апат, немесе үйде қирау, сыну жағдайлары болуы мүмкін. Негізі бұрыннан бір қабырғаны қозғалтуды, немесе сарай-саяжайды бұзуды ойланып жүрсеңіз, осы ай қолайлы.
Барлық салада көптеген мүмкіндіктер бар. Бір орында тұрмай әрекет еткен жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Оның үстіне адамдармен қарым-қатынасыңыз да жақсы. Тіпті ренжісіп қалғандарды татуластырып жіберетін қабілетіңіз де бар. Дегенмен қарым-қатынаста және іс барысында таңдау жасай білу керек. Кейбіреулердің алдағысы келетін, шатастырғысы келетін ойы да бар. Содан да абай болыңыз. Айдың орта шенінде денсаулыққа, жүйкеге көңіл бөлу керек. Өйткені жұмыс көп, тәртіп қатаң, бір мезгілде бірнеше мәселені шешуге тура келеді. Арасында демала да білу керек. Созылмалы науқастарына байланысты дәрігерге көрініп жүргендер уақыт өткізбеуі керек.
Таразы. Айдың алғашқы жартысында қысқа мерзімді іссапарлар, сондай-ақ құжаттарға, мәліметтерді жинақтауға байланысты мәселелер бар. Қандай да бір ақпарат қажет болса оны жинақтауға қазір қолайлы кезең. Айдың екінші жартысында қаражат мәселесі алға шығады. Күтпеген тұстан шамалы ақша келеді. Өзіңізге қажет емес заттарды сатып жіберуге болады. Сатып алушы тез табылады. Іскерлік пен жұмсақтық мінез танытсаңыз, қаражат мәселесі тез шешіледі. Өзіңіздің сыртқы келбетіңізге, иммиджіңізге көңіл бөлсеңіз, қажетті тапсырысты алуға, немесе жақсы келісім шарт жасауға мүмкіндік бар. Бұған дейін реттелмеген қаражат мәселесін осы айда реттеуге тырысыңыз. Есіңізде болсын, шығысты бақылауда ұстаңыз. Киімге, косметикаға, көңіл көтеруге көп ақша жұмсап қоюыңыз мүмкін. Таразылар қай кезде де өздерін ұстай біледі. Алайда кездейсоқ жанмен, жол үстінде кикілжіңге келіп қалудан сақтанған жөн. Сондай-ақ өз туғандарымен келіспей қалуы да мүмкін. Жаңа идеялар, сондай-ақ қабілеттілік шығармашылықта және оқуда табысқа әкеледі. Ай бойы романтикалық сәттер көп. Өз жеке өмірін өзгерткісі келіп жүрген Таразылар үшін қолайлы кезең. Айдың соңғы жағында өз ақша шығындарына ұқыпты болуы керек, әйтпесе тақырға отырып қалады. Негізі қараша келесі жылдың бюджетін де жоспарлауға керемет уақыт. Ақшаның кіріс көзін және оны қайда жұмсауға болатынын жақсы түсінесіз.
Денсаулыққа назар аударған жөн. Көңіл-күйдің, иммунитеттің төмен кезі. Витаминдер ішкен дұрыс болар. Таза ауаның да пайдасы мол.
Сарышаян. Айдың алғашқы жартысында қаражат мәселесіне баса назар аударуға тура келеді. Төлемдер, сатып алулар, еңбекке ақы төлеу туралы келісімдер жасау қажет. Әртүрлі көздерден қаржы түсуі мүмкін. Сатып алушылар мен клиенттер іздеуге де қолайлы сәт. Айдың екінші жартысында Сарышаяндар әдеттегіден тыс көп сөйлейтін болады. Айналасындағылармен өз ойымен бөлісіп, пікір білдіргісі келеді. Бұл айда көпшілік алдында сөз сөйлеуге қорқудың қажеті жоқ, табысты болады.
Айналасындағыларға жақсы әсер қалдыру үшін сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Бұл айда бұның әсері зор. Киімдерді, шаш үлгілерін жаңартуға қолайлы кезең.
Ақша мәселесінде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өте белсенділігі, тіпті табандылығы жақсы тапсырыстар алуға, жалақыны көтеруге ықпал етеді. Егер де ақша өлі қалыптан тіріге айналсын десеңіз, сол уақыт осы кез.
Қарашаның табыстылығы өте керемет. Өзіңіз бір ақымақтыққа жол беріп қоймасаңыз, немесе алаяқтардың алдауына түсіп қалмасаңыз табыс молаяды. Ең бастысы ақылмен ойлап, тәуір адамдардың кеңесіне құлақ асыңыз. Қызметінде көтерілгісі келетіндер үшін де жақсы кезең. Әрдайым басшылық назарында болуға тырысыңыз, көпшілік іс шараларда бұғып қалмаңыз, өзіңізге жұрт назарын аудартудан ұялмаңыз. Бұл кезең қоғам белсенділеріне, БАҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа жұртшылықпен жақын қарым-қатынастағы мамандық иелеріне сәтті. Жеке өмірінде өзгеріс болғанын қалайтындар белсенді болуы керек. Айдың орта шені оқуға, білім көтеруге, құлшына жұмыс істеуге, ең бастысы өз өміріндегі түбегейлі өзгерісті бастауға тамаша сәт. Қазір келер жылдың жоспарын жасауға да болады.
Айдың соңғы жағында кішігірім сәтсіздіктер орын алуы мүмкін, қаржы мәселесінде. Алдын-ала дайындалуға кеңес береміз: шамалы ақшаны кейінге алып қою керек, шығынды қайта қарау қажет, көз қызығып көңіл ұнатқанның бәрін сатып аламын дей бермеңіз. Қаржы салуды қажет ететін күмәнді жобалардан қашық жүріңіз. Сонымен қатар барлық қаржылық міндеттемелерге абай болу керек. Қарыздарды уақытымен қайтару, есепшоттар бойынша мезгілінде төлеу және де қажетті құжаттарды сақтау керек. Денсаулықта мәселе жоқ. Күш-қуат толып тұр, тек тамақтану мен күн тәртібін сақтаңыз.
Мерген. Айдың алғашқы жартысында Мергендер қарым-қатынасқа өте ашық. Айналасындағылардың барлығына өз пікірін, өз көзқарасын жеткізгісі келеді, әрі оған қол жеткізеді. Жұрт олардың сөзіне мән береді. Негізі осы уақытта келіссөздерді, жұрт алдына шығып сөйлеуді қойыңыз. Айдың екінші жартысында Мергендер көпшіліктен қашып, оңаша болғысы, тасада қалғысы келеді. Оның үстіне құпия ақпарат та жетеді, немесе өздерінің де жұрттан жасырар құпиясы бар. Бәлкім бұл құпиялардың өз өмірлеріне, не басқалардың жеке өмірлеріне, тіпті ақшаға қатысы бар. Ай бойы Мергендер біреулермен құпия хат алмасады, жасырын хабарласады, өздерінің кіріс-шығысын да жасырын ұстайды. Мергендер қараша айында өз мүдделерін қорғайды. Батылдықты қажет ететін мәселені осы айдан кейінге қалдырмаған дұрыс.
Ақылға салмаса ақымақтық орын алуы мүмкін. Содан да айдың бірінші жартысында сабыр танытып, ойға келгеннің бәрін бірден іске асырамын деудің қажеті жоқ. Әрбір іске әбден ойлану керек. Күнделік жазбаған болсаңыз, жазып бастаңыз. Өйткені осы күнделік арқылы кейін өзіңізді жақсы түсінесіз. Жұмыс барысында күнделікті міндеттемеге жауапкершілікпен қараған жөн. Жаңа міндетемелер, жаңа сынақтар әрине жақсы. Бірақ, оған аса мән берсеңіз, өз-өзіңізге проблема тауып аласыз. Жеке қарым-қатынаста күнделікті тірлікке назар аудару керек. Дау-дамайдың, келіспеушіліктің, өкпенің шығу тегіне мән беріңіз. Реті келсе ұлғайта бермеңіз. Айдың екінші жартысында іш пысатындай, алайда қызықты, өзгеше нәрселерді жоспарлауға болады. Жаңа идеяларды іздеп, жағдайды өзгертуге, жолға шығуға тырысыңыз. Бұл кезеңде көптеген жаңа таныстықтар, ерекше кездесулер бар. Денсаулық мәселесінде тамақтануға мән беріңіз. Өміріңізде орын алған күрделі мәселелерге орай көп тамақ жегеніңізді байқамай қалуыңыз мүмкін.
Тауешкі. Айдың алғашқы жартысында құпия ақпарат жетеді. Сондай-ақ өзіңіз де бір жағдайларды құпия ұстауға мәжбүр боласыз. Айналаңыздағы адамдар арасында құпия қарым-қатынас жасайтын адам пайда болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде абай болыңыз. Алаяқтық пен алдау, сондай-ақ дау-дамай көбейіп тұр. Басқаларды да алдамаңыз, өзіңіз де алданбаңыз. Айдың екінші жартысында достық қарым-қатынастар көптеп орын алады. Ай бойы өзіңізге қарсы тор құрып жүрген адамның кім екенін білуіңіз мүмкін. Қас адамды өз қаруымен жеңуге болады. Жасырын қарсы әрекеттердің жасалатындығына дайын болыңыз. Өзіңізге одақтас, немесе қамқоршы табыңыз. Жария жасамаңыз. Жасырын, шымылдырық сыртында өзіңізге жақтастар жинаңыз.
Қараша айы бірлескен қаржылық жобаларға қолайлы. Сондықтан да жаныңызға жақын адам бірлесіп тірлік етейік десе қарсы болмаңыз.
Бақыт аспаннан салбырап түспейді. Еңбек ету керек. Бұл ай – жұмыс кезеңі. Қайсыбір салада болмасын ештеңе өз-өзінен келмейді. Жақсы жаңалық, еңбегіңіз бағаланады. Демек қарап жатпаңыз. Жасайтын жұмыстардың тізімін жасаңыз, жоспарларды тізіңіз, сондай-ақ бұған дейін жасалғанды да ұмытпаңыз. Өз ісіңізді талдап, өзіңіз бағалаңыз. Сезімге берілмесеңіз соғұрлым жақсы. Дегенмен демалысты да ұмытпаңыз. Оған да уақыт бөліңіз. Созылмалы сырқаты барлар дәрігерлермен ақылдасып, аурудың алдын алғаны жөн. Бұл кезең дене бітіміне назар аударатын уақыт, өйткені денсаулықтың сәл нашарлағанын білмей қалсаңыз, қайтадан қалыпқа келу қиын. Айдың орта шенінде жаңа мүмкіндіктер, керемет идеялар, жақын адамдармен керемет кездесулер. Күш-қуатыңызды орынсыз жұмсай бермеңіз. Қатаң диетадан, маманмен келіспей жаттығулар жасаудан қашық жүріңіз. Өйткені ағзаңыздың мүмкіндігін асыра бағалап, өз-өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін. Айдың соңғы жағы тұрақты. Іскерлік қарым-қатынастарды, жұмысқа байланысты келіспеушіліктерді шешуге сәтті кезең. Бұрынғыдан көбірек ақша табасыз, табысты келісімге қол жеткізесіз. Отбасы мәселесінде де маңызды шешімдер қабылданады.
Суқұйғыш. Айдың алғашқы жартысында айналаңызда достарыңыз, мүдделес жандар көп. Олар сізді бір іс шараға қатысуға, немесе қоғамдық ортақ жұмысқа шақырады. Өткен шақтағы жандармен кездесу мүмкіндігі де бар. Айдың екінші жартысында бар ынтамен жұмысқа тырысу керек. Басшылықтың қызығушылығы артады, бәлкім келелі кеңестерге, басшылықпен кездесуге қатысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ бұл кезең жұмыс іздеуге қолайлы. Еңбекақысы жоғары, мәртебесі де жоғары жұмысқа қол жеткізуге болады. Алдағы мақсатқа қол жеткізу үшін өз иммиджіне мән берген жөн. Жұмыс орнында қасыңыздағыларға қалай әсер ететіндігіңізді байқап көріңіз. Қалай болғанда да басшылықтың өзіңізге көзқарасы оң. Сыйақы алуға, немесе жаңа қызмет баспалдағына көтерілуге ұмтылып көріңіз. Егер де өзіңіз басшы болатын болсаңыз, онда қарамағыңыздағыларға әдеттегіден де көбірек шыдамдылық танытыңыз.
Бұл айда Суқұйғыштар қосымша жұмыс іздеуге белсене кіріседі. Өз тәуелсіздігін сақтап қалғысы келеді. Кез-келген қысымға қарсылық білдіреді. Бостандықты сезінгісі келеді. Отбасындағы кикілжіңдерге бой бермеңіз. Өз еркіндігіңізді қорғай отырып, отбасындағыларға назар аударуды ұмытпаңыз.
Ақырындап бәрі де жақсыға өзгеріп келеді. Асықпаған жөн. Бірте-бірте пайдалы байланыстар нығаяды. Жұмыстағы жағдай тұрақталады. Табысты көбейту мүмкіндігі пайда болады. Ең бастысы шыдам мен төзім. Бәрі бірден болмайды. Іскерлік қарым-қатынаста абай болған жөн. Егер өз-өзін дұрыс ұстаса онда ықпалды одақтастар тауып, қарсыластарына соққы бере алады. Жұмыс барысындағы мәселелерді отбасында талқылап қажеті жоқ. Кәсіби және жеке өмірді ажырата біліңіз.
Бас ауру, ұйқысыздық болуы мүмкін. Өз-өзіңізді емдеймін демеңіз. Тыныштандыратын дәрілерге үйір болмаңыз. Дұрысы маманға қаралған. Бұл кезең құжаттарға, визаларға, рұқсат берулерге, жәрдемақылар және лицензияларға қатысты мәселелерде қолайлы уақыт. Мемлекеттен алатын, оның ішінде ақшалай төлемдер де бар, барлық қолдаулардың тез шешілетін, тез рәсімделетін кезеңі.
Балықтар. Айдың алғашқы жартысында әріптестермен және басшылықпен көбірек араласуға тура келеді. Жасалған жұмыстардың есебін әзірлеп, мемлекеттік органдармен хабар алмасуға тура келеді. Іссапарлар да болуы мүмкін. Өз ойыңызда қазіргі деңгейіңізден жоғары тұрсаңыз, соған орай онда жұмыс іздеу керек. Айдың екінші жартысында заңға қатысты, немесе білімге қатысты мәселелерді шешуге тура келеді. Өздерінің білімдерімен, тәжірибелермен көмегі тиетін жандармен көбірек араласқан жөн. Бұл айда өте жоғары, беделді адамға жақсы әсер қалдыра аласыз. Әрине өзіңізді жақсы маман ретінде көрсетумен қатар, қарым-қатынаста пікір алысуға, сөйлесуге де ыңғайлы жан екеніңізді байқатасыз. Кәсіби ортада өзіңізді көрсете біліңіз, көпшілікке арналған жария ісшараларға қатысып қана қоймай, өз ойыңызды білдіріп, сөз сөйлеуге тырысыңыз, өз қызметіңізді ұсыныңыз. Сырт келбетіңізге назар аударыңыз. Егер де көптен бері заңға, құқыққа қатысты мәселе мазалап жүрсе, оны шешуге қараша қолайлы. Қараша айында жұмыс барысында өте бастамашыл, әрі табандысыз. Сондай-ақ басшылықпен қарым-қатынаста өз көзқарасыңызды қорғап қалуға тура келеді. Оның үстіне қызмет барысында барлық күш-жігеріңізбен өз мүддеңізді қорғап, қызмет баспалдағында үлкен секіріс жасайсыз. Егер де өзіңіз басшы болсаңыз, онда бұл айда қарамағыңыздағыларға өте талапшыл болыңыз.
Өзіңіз үшін және айналаңыздағылар үшін пайдалы іс жасауға қолайлы ай. Әрине қындықтар болады, бірақ оны жеңуге күш-қуатыңыз жетеді. Бәлкім әріптесіңіз өзіңізбен келісілген келісімді бұзып, басқаша әрекет еткісі келеді. Мұндай сәтте бәрін өз орнына қойыңыз. Тіпті басқа одақтас тауып алуға да болады. Сіздің мүддеңізді құрбан етіп, өз мүддесін тықпалайтындармен дос болмаңыз.
Қаражат мәселесінде абай болған жөн. Қанша кіріс кіретінін жоспарлап, соған сай шығын жасаңыз. Ірі шығындардан абайлаңыз. Айдың ортасында созылмалы сырқаттарыңыз болса, денсаулыққа мән беріңіз. Қандай да бір болмасын аурудың алдын алуға қолайлы кезең. Тұмауға қарсы екпе салдыртуға болады.