▪️Бүгін облыстық сотта өткен жиында сот ұжымы Қызылорда облыстық соттың судьясы Маликова Шолпан Маратқызын 60 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтады.
▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Шолпан Маратқызын мерейлі жасымен құттықтай отырып, сот жүйесінің дамуына қосқан еңбегіне тоқталып, облыстық сотының судьясы қызметін абыроймен атқарып, сонымен бірге, баспасөз қызметі бойынша үйлестіруші-судья ретінде соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз етіп, сот жүйесінің ашықтығын қалыптастыруға қосқан ерекше үлесін айтып өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.
▪️Шара барысында сот ұжымы мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізді.
▪️Шолпан Маратқызы сот жүйесінде 20 жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарып, саланың дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға өз үлесін қосып, Қызылорда облыстық сотының судьясы әрі баспасөз қызметін үйлестіруші ретінде белсенді ақпараттық жұмыстарды атқарып келеді.
▪️Сот жүйесіндегі адал қызметі үшін Шолпан Маратқызы «Үш би» құрмет белгісімен, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, сонымен қатар, көптеген Құрмет Грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі