▪️Қызылорда қалалық сотының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі өткізілді.
▪️Шараға облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері арнайы қатысып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді көпшілік назарына ұсынды.
▪️Көрмеге келушілер ұлы ойшылдың шығармаларымен, өмір жолы туралы кітаптармен, танымдық деректермен және заманауи зерттеулермен танысуға мүмкіндік алды.
▪️Шараның басты мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарға құрмет көрсету, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Қызылорда қалалық соты