БҰҰ мәліметі бойынша әлем қартайып келеді. Қазір жер үсті тұрғын дарының орташа өмір жасы ұзақтығы 73 жас болып отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1960шы жылы жер бетінде 65 жаста және одан асқан 150 млн. адам болса, қазір 5%дан астам өскен, яғни 850 млн. адамға жеткен. Ендігі болжам бойынша олардың қатары 2050ші жылға қарай 17% ға артады дейді.
Әрине, өмір сүру сапасының жақсаруы, әралуан технологиялардың қол еңбегін жеңілдетуі, медицинаның дамуы өмір жасын ұзартатыны сөзсіз. Бұдан бөлек бала туудың азаюы да қоғамда жастарға қарағанда ересектердің көбеюіне әсер ететіні де даусыз. Содан да, әсіресе дамыған елдерде “қартаю” процессі жедел жүруде. Мәселен, жапон елінде 125 миллионнан астам тұрғын бар болса, соның 30%ы жасы ұлғайғандар екен. АҚШтың өзінде де биылғы жылдың өзінде 4,18 млн. адам зейнеткер. Бір күнге шаққанда күніне орташа есеппен 11,4 мың адам зейнетке шығады.
1950ші жылдары дамыған елдерде тұрғындардың 8,3%ы егде жастағылар болса, қазір 18,5%ы сол егде жастағылар. Демек, ел тұрғындары арасында жастар үлесі азайып, зейнеткерлер көбейіп келеді.
Еңбекке қабілетті, белсенді тұрғындардан гөрі егде жастағылардың көбеюі қайсыбір мемлекетте болмасын ауыр салмақ. Мәселен Халықаралық еңбек ұйымдары мәліметі бойынша әлемде әлеуметтік төлемдердің барлығының орташа есеппен 39%ын зейнетақы “жұтады” екен. Орташа табысы бар елдердегі әлеуметтік төлемдердің жартысы дерлік зейнеткерлер үлесінде.