Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. үйіне алкогольдік мас күйінде келіп, жұбайы Н.-ның мазасын алып, сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзып, бұл әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сотта Б. кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрады.
Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты