Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткен жиында сот ұжымы отставкадағы судья Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлын 63 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтады.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Абдуллажан Сайджаппарұлын мерейтойымен құттықтай отырып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен еңбегін атап өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Шара барысында облыстық соттың судьялары да мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізді.
Абдуллажан Сайджаппарұлы сот жүйесінде 30 жылға жуық еңбек етіп, облыстың бірқатар соттарының төрағасы және судьясы қызметін абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға атсалысты.
Сот жүйесіндегі адал қызметі үшін Абдуллажан Сайджаппарұлы «Үш би» құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен, «Судьялар одағының құрметті мүшесі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» медалімен марапатталған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі