Талап қоюшы «Қ» мемлекеттік мекемесі сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «О» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «О» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалып, «О» серіктестігі тапсырыс берушіге 151 455 360 теңгеге 382 дана компьютерді жеткізуге міндеттенген.

Алайда, «О» серіктестігі келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «О» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған