Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Ж. алкогольдік мас күйінде апасы Ж.-ға былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында Ж. өз әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші Ж. сот отырысында інісінің кешірім сұрағанын, оған кешірім беретінін көрсеткен.

Сот қаулысымен Ж. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Сонымен қатар, оның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.

Іс ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған