Апостиль дегеніміз- бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостиль –шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.
Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен-жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады.
Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
Апостиль қою туралы өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарға арнайы мөртаңба (апостиль) қойылады.
Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқайлығын, құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету мерзімі- 2 жұмыс күні.
Порталда-1 жұмыс күні.Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияға қатысушы ретінде Қазакстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттар негізінде реттеледі.Ол оның қатысушыларының еркі.
Халықаралық шарттар құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субьектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай–ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.
Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше болып кіру жағдайына байланысты ашық және жабық, реттеу обьектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық болып бөлінеді.
Ашық халықаралық шарт дегеніміз-оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт-мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт-мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет.
Жарлықтың 3-бабына сәйкес, халықаралық шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведмоствалық болып бөлінеді.
А.Нысанбаева
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы