Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қорқыт ата скверін жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қорқыт ата скверін «Астана сервис Ltd» ЖШС жыл соңында пайдалануға береді. Онда 157 орындық, 100 қоқыс жәшігі, 85 жарық бағанасы орнатылып, 9 500 шаршы метр аумаққа брусчатка төселеді.
Сондай-ақ, бұл жерде балалар ойын алаңы, субұрқақ, серуендеуге арналған саябақ салынуда. Абаттандыру жұмыстары да кеңінен жүргізілуде.